17 дәрігер 3 жыл емдей алмаған баланы жасанды интеллект құтқарып қалды
Ешқандай нәтиже болмаған соң әйел жасанды интеллекттің – ChatGPT-дің көмегіне жүгініпті.
Ұлыбританияда 17 дәрігер дұрыс диагноз қоя алмаған баланы жасанды интеллект құтқарып қалды, деп хабарлады turkystan.kz dailymail.co.uk-ге сілтеме жасап.
Алекс есімді баладан 4 жасында белгісіз дерт белгілері байқала бастайды. Көп ұзамай, ашуланшақ және әлсіз, агрессивті бола бастаған, оған қоса, басы ауырып, аяғын сылтып басатын болған.
Баланың анасы Кортни 3 жыл бойы аурудың диагнозын анықтауға тырысыпты: осы уақыт ішінде олар педиатрдан тіс дәрігеріне дейін жалпы саны 17 дәрігерге қаралған. Ешқандай нәтиже болмаған соң әйел жасанды интеллекттің – ChatGPT-дің көмегіне жүгініпті.
ChatGPT балаға сирек диагноз – "жұлынның бифидасы және жұлынның ақауы". Ең ғажабы, диагноз дұрыс болып шыққан, осылайша балаға операция жасалып, жазылып кеткен.
Басылымның жазуынша, ChatGPT 72% жағдайда дұрыс диагноз қоятынын зерттеулер дәлелдеп отыр екен.