Мемлекет басшысы ертең жұмыс сапарымен Тәжікстанға барады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы ертең жұмыс сапарымен Тәжікстанға барады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 14-15 қыркүйекте Тәжікстанға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады turkystan.kz.

«Сапар аясында Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне және Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысады» деп жазды Ақорданың ресми сайты.