Қостанай облысында жүк көлігі жол тірегіне ілініп қалды

Жүргізуші кузовты түсіруді ұмытып кеткен

Қостанай облысында жүк көлігі жол тірегіне ілініп қалды
polisia.kz

Қостанай облысында жүк көлігінің жүргізушісі абайсызда жол тірегін бұзып алған, деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, оқиға 13 қыркүйекте Қостанай және Федоров аудандарының шекарасында болды.

«Жүргізуші жол жөндеу жұмыстарына асфальт әкеліп, түсіргеннен кейін кузовты түсіруді ұмытып кеткен. Әрі қарай жүру кезінде ол жол бетіне зақым келтірген. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Соңғы іс жүргізу шешімін сот қабылдайды», - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, жүргізуші зардап шекпеген. Келтірілген залалды өтеу мәселесі азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешілетін болады.