Қанат Ислам 10 орынға көтерілді

Қанат Ислам 10 орынға көтерілді

Қанат Ислам 10 орынға көтерілді
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Делавэр штатындағы Уилмингтон қаласында WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша бірінші орта салмақта әлем чемпионы Қанат Ислам (22-0-0, 18 КО) мен бразилиялық Робсон Ассис (16-3-0, 9 КО) арасындағы айқас өтті. Жекпе-жек бастала сала алға ұмтылған Қанат Ислам қарсыласын бірден жойқын соққыларының астына алды. Алайда, шыға салып, абайсыз қабағын жарып алғаны жанкүйердің жүрегін зырқ еткізген. Аққан қан бір жақ бетін жауып кеткенде, көзін аша алмай қалар ма екен деген күдік болғаны да белгілі. Бірақ осы абайсыз кеткен соққы жеңісті жылдамдатып жібергендей. Үсті-үстіне жауған жұдырық, қарсыласын ес таптырмай, ақыры бірінші раундта-ақ сұлатып түсірді. Қанат Ислам шаршы алаңдағы 23-кездесуінде жеңіске жетсе, Робсон Ассис осымен төртінші ұрысында нокаутпен жеңіліп отыр. Айта кетейік, АҚШ-та өтіп жатқан бокс кешінде басты айқас төрт салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы 48 жастағы Рой Джонс пен 46 жастағы Бобби Ган арасында өтеді. Олар бірінші ауыр салмақтағы WBF (World Boxing Foundation) белбеуін сарапқа салады. Бұл оған өз салмағында Boxrec.com ретингінде 10 сатыға жоғары көтерілуге мүмкіндік берді. «Қазақ» атымен танымал отандасымыз ендігіде, 53-інші орында тұр. Айта кетейік, белді Boxingnews24.com сайты Қанат Исламды өзінің отандасы Геннадий Головкинмен салыстырды. «32 жастағы Ислам қолдарымен керемет жұмысты немесе бокстағы машықты көрсете алмады. Бірақ оның күші шынымен-ақ мықты болды. Геннадий Головкин өз қарсыластарын шабуылдайтындай, Ислам да Ассисті шабуылдың астына алды. Ол Робсонға демалуға мүмкіндік бермеді, соққыларын бірінен соң бірін жаудырып отырды», - деп жазады Sports.kz Boxingnews24.com-ға сілтеме жасап. Ал Delaware County Daily Times-тың тілшісі Қанат Исламды бүгінгі жеңісінен кейін әлемдік деңгейдегі дарын иесі деп атады. «Қазақстандық Қанат Ислам бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберіп, өзінің статистикасын 23-0-ке жеткізді. Нағыз жауынгер. Әлемдік деңгейдегі дарын иесі», - деп жазды Маккафери Твиттерде. Еске салайық, WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, бірінші орта салмақтағы Қанат Ислам (22-0-0, 19 КО) мен Робсон Ассис (17-4-0, 9 КО) арасындағы жекпе-жек бүгін Уилмингтон қаласында (АҚШ, Делавэр штаты) өтті. Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундтың соңында сұлатып салды. Былғары қолғап шеберлерінің кездесуі кіші Рой-Джонстың бокс кешінің аясында өткен болатын.