Заңсыз киік аулау азаяр емес

Заңсыз киік аулау азаяр емес

Заңсыз киік аулау азаяр емес
ашық дереккөзі
Батыс Қазақстан облысында киіктерді заңсыз аулау азаймай тұр, –  деп хабарлайды 24.kz арнасы. Қазақстан аумағындағы ақбөкендердің 70 пайызы Батыс Қазақстан өңірін мекендейді. Соңғы санақ бойынша, қазір дархан даламыздағы сұлу жануардың саны 70 мыңға жуық. Былтырғы жылы Батыс Қазақстан облысының аумағында заңсыз киік аулауға қатысты 22 дерек тіркелген. Алайда осы қылмыстың тек тең жарымы ғана ашылған. Сондықтан да, қарасы сиреген жануарларды сақтап қалу мақсатында жергілікті полиция қызметінің қатысуымен жедел тергеу тобы құрылды. Үнемі ұйымдастырылатын рейдтерге орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау инспекциясы секілді мемлекеттік органдар да атсалыспақ. Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде жыл басынан бері 4 дерек анықталып үлгерген. Анықталған төрт деректің үшеуі бөкендерді заңсыз аулауға қатысты. Тағы бір күдіктінің көлігінен көп мөлшерде киік мүйізі табылған. Қазір осы деректер бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр. Өкінішке қарай, оңай олжаға құныққандар қатарында учаскелік инспектор мен киіктерді қорғау міндеті сеніп тапсырылған «Охотзоопром» мекемесінің қызметкерлері де бар. «Қараша айында болуы керек, Бөкейордасы ауданынан «Охотзоопром» қызметкерлерімен 2 адам ұсталды. Соның ішінде полиция қызметкері болды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сол іске қатысты 2 «Охотзоопром» қызметкері анықталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», – дейді  БҚО ІІД табиғат қорғау полициясының аға инспекторы Талғат Майданов.