Америкалықтар зомби шабуылына дайын болуы тиіс

Америкалықтар зомби шабуылына дайын болуы тиіс

Америкалықтар зомби шабуылына дайын болуы тиіс
ашық дереккөзі
Американың Иллинойс штатының парламенті қабылдаған заң жобасына сәйкес, қазан айы «зомби шапқыншылығына дайындық айы» ретінде ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Росбалт агенттігі. Бұл қадам жарнама ретінде ойластырылған: торнадо, су тасқыны және басқа да табиғи апаттардың зомби шапқыншылығына қарағанда орын алу ықтималдылығы жоғары. Алайда, парламентарийлердің ойынша, егер Иллинойс тұрғындары тірі өлекселердің шабуылына дайын болса, басқа да апаттарға оңай қарсы тұра алады. Заң жобасында зомбилердің басты бейнесі ретінде «Нация Z» және «Тірі өліктер» (Ходячие мертвецы) сериалдарының кейіпкерлері алынды, деп хабарлайды Tagesanzeiger швейцариялық газеті. Бұған дейін депутаттар штат тұрғындарының 39%-ы ғана табиғи апаттарға дайын екендігін айтып, шағымданған болатын. Сондай-ақ, саясаткерлер штат тұрғындарын жергілікті ауа райы болжамдарына жазылуға шақырды.