Дүниежүзілік банк: тәжік жастарының 40 пайызы жұмыссыз

Дүниежүзілік банк: тәжік жастарының 40 пайызы жұмыссыз

Дүниежүзілік банк: тәжік жастарының 40 пайызы жұмыссыз
ашық дереккөзі
Тәжікстанда жастардың 40 пайызы, ал әйелдердің шамамен 27 пайызы жұмыссыз жүр. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің 14 ақпанда жарияланған материалында айтылған.
Есеп бойынша, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесі Тәжікстанның еңбек нарығының талаптарына сай емес. Республика халқы жылдан жылға көбейіп келеді, 2030 жылы Тәжікстан халқының саны 11,5 миллионға жетеді деп болжанған. Дүниежүзілік банк сарапшыларының айтуларынша, елде негізінен жастар мен әйелдер жұмыссыз жүр: республикадағы әйелдердің 27 пайызы ғана жұмыс істейді, ал жастардың 40 пайызы жұмысқа тұрмаған. Халықаралық банк мәселені жеке секторды дамыту арқылы шешуді ұсынды. Сол арқылы жұмыссыздықпен күресіп қана қоймай, жергілікті нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз етуге болады.