Астана Пхеньянды ядролық менмендіктен бас тартуға шақырды

Астана Пхеньянды ядролық менмендіктен бас тартуға шақырды

Астана Пхеньянды ядролық менмендіктен бас тартуға шақырды
ашық дереккөзі
Қазақстан сыртқы істер істер министрлігі Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран ұшыруын айыптайтыны туралы мәлімдеме таратты. Қазақстан сыртқы істер істер министрлігі баспасөз қызметі таратқан ресми хабарламада Астана Пхеньянның баллистикалық зымыран ұшыруын «БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қабылдаған тиісті қарарды өрескел бұзу» деп бағалайтыны айтылған. «Қазақстан КХДР-дың асқан жауапсыздығы ядролық қарудан арылу процесіне кері әсер етеді және аймақтық деңгейде, сонымен бірге ғаламдық дәрежеде қауіпсіздікке қатер төндіреді, әлем мемлекеттерінің басым көпшілігінің ядролық қарусыз болашақты қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігеріне зиян келтіреді деп санайды» делінген мәлімдемеде. Астана Пхеньянды АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай және Ресеймен алтыжақты келіссөзді дереу қайта жалғастыруға және ядролық менмендіктен толық бас тартуға шақырған. Еске сала кетейік, Пхеньян жексенбі күні таңертең кезекті мәрте баллистикалық зымыран ұшырды. Оңтүстік Корея әскерилерінің мәліметі бойынша, зымыран 500 шақырымдай қашықтыққа ұшып, Жапон теңізіне құлаған. Оңтүстік Корея мен Жапония Солтүстік Кореяның зымыран сынағын аймақтың және халықаралық қауымдастық қауіпсіздігіне қарсы жасалған арандату деп айыптады.