Бізде халыққа зияны бар ешқандай заң шықпайды – Ринат Зайытов

Бізде халыққа зияны бар ешқандай заң шықпайды – Ринат Зайытов

Бізде халыққа зияны бар ешқандай заң шықпайды – Ринат Зайытов
ашық дереккөзі
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ринат Зайытов теріс діни ағымға кірудің барлығы онлайн-платформалар арқылы жүріп жатқанын айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Бізде халыққа зияны бар ешқандай заң шықпайды. Бірақ орындалуы бойынша Ішкі істер министрлігіне өтінішім бар. Ертең осы заң шыққаннан кейін «әу деп аузын ашып, ауылымда жағдай жоқ» деп айтып қалған адамдарға қарсы қолданылып кетпесе екен», - деді Ринат Зайытов.
Жиын барысында заң жобасы бойынша әріптестері толық ақпарат бергенін, бірақ ол заң жобаларының тиімді әрі халыққа маңызды жерлерін атап өтті.
«Қазіргі таңда онлайн-платформаның барлығы жалған ақпарат беруден бөлек, жалған жарнама тарату, жалған дәрістер беру, «азаматтарға үйден шықпай, тендерден ақша табыңдар» деп заң бұзуға тәрбиелеп жатыр. Оларға қолданылып жатқан ештеңеміз жоқ. Танымал адамдардың аттарын парақша ашады, «онлайн-лоторея өткіземіз», «сендерді ақшаға жарытамыз», ол аз десе, біреудің атынан парақша ашып, біреуді жамандап, жалған ақпарат таратады. Ол да белең алып барады», - деді депутат.
Оның айтуынша, Қазақстандағы теріс діни ағымға кірудің барлығы онлайн-платформалар арқылы жүреді.
«Біздің мемлекеттік каналымыз ешқандай теріс діни ағымға тәрбиелемейді. Ол тек қана осы онлайн-платформалар арқылы жүріп жатыр. Осы заң жобасы «осындайлардың» барлығын ауыздықтап, жүгендеудің бірден-бір жолы», - деді Ринат Зайытов.