Лимонның сіз білмейтін пайдасы

Лимонның сіз білмейтін пайдасы

Лимонның сіз білмейтін пайдасы
ашық дереккөзі
Лимон суық тигенде таптырмас өнім. Ал иммундық жүйені нығайтудан басқа, лимон үй тұрмысында да пайдасы көп жеміс екенін білесіз бе? 1) Лимон микротолқынды пешті тазалауға, сондай-ақ оның ішіндегі жаман иісті жоюға көмектеседі. Ол үшін су құйылған стақанға бірнеше қасық лимон сығындысын қосып, пештің ішінде қыздыру керек. Кейін қоспаны 10 минут микротолқынды пештің ішінде ұстаған абзал. Артынша құрылғының ішін таза шүберекпен сүртіңіз. 2) Үйдегі металл ыдыстарды лимон қабығымен сүртіп, салқын сумен жусаңыз, жарқырап шыға келеді. 3) 4-5 ас қасық лимон шырыны қосылған сумен әйнек пен айнаны сүртсеңіз, бетіндегі барлық дақты кетіреді. Әрі үйдің ішіне жағымды иіс береді. 4) Күріштің бір-біріне жабыспай, шашырап піскенін қаласаңыз, 1 ас қасық лимон сығындысын пайдалансаңыз жеткілікті. 5) Лимонның көмегімен киімдегі майлы дақтарды оңай кетіруге болады. Ол үшін дақ тиген жерге лимон шырынын құйып, түнге қалдыру керек. Содан кейін киімді суық суда жуу қажет. 6) Шәйнектің ішін қақтан тазартуда лимон таптырмас құрал. Лимонды қабығымен кесіп, үстінен су құйып, 10-15 мин қайнату керек.