Министр мәдениет, өнер қызметкерлерінің еңбекақысы 100 пайызға көбейетінін айтты

Министр мәдениет, өнер қызметкерлерінің еңбекақысы 100 пайызға көбейетінін айтты

Министр мәдениет, өнер қызметкерлерінің еңбекақысы 100 пайызға көбейетінін айтты
ашық дереккөзі
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов «Хабар 24» арнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламасында мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы өсетінін айтты деп хабарлады turkystan.kz. Министр белгілі тележурналист Берік Уәлиге берген сұхбатында министрліктің атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып, мәдениет саласындағы қызметкерлердің жалақысы туралы сұраққа жауап берді.
«Министрлікке қарасты 20 мың қызметкер бар. Солардың жалақысы биылдан бастап 23 пайызға өсті. Ел көлемінде, ауданға дейін жалақы өсті. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей тапсырмасы бар. Енді осы 3-4 жылдың ішінде жалпы мәдениет, өнер саласы қызметкерлерінің жалақысы 100 пайызға өседі», - деді министр.
Асхат Оралов бағдарлама барысында 2029 жылға дейін кинотеатрларда көрсетілетін отандық фильмнің үлесі 35 пайызға артатынын атап өтті.