Нұрлан Мәсімов сотта Қазақстан шекарасын неге заңсыз кесіп өткенін айтты

Нұрлан Мәсімов сотта Қазақстан шекарасын неге заңсыз кесіп өткенін айтты

Нұрлан Мәсімов сотта Қазақстан шекарасын неге заңсыз кесіп өткенін айтты
ашық дереккөзі
Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімов сот отырысында Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткенін мойындады деп хабарлайды turkystan.kz. Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Нұрлан Мәсімовтің ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Сот барысында Н.Мәсімов шекараны заңсыз кесіп өткенін мойындап, қажеттіліктен соң осындай қадамға барғанын айтты. Оның сотта айтқан жауаптарын БАҚ өкілдеірне айыпталушының қорғаушысы Дмитрий Куряченко растады. Өткен жылдың басында қызметінен босатылған Нұрлан Мәсімовке аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылған еді. Бұрынғы полицейге қатысты баптардың санкциясы бойынша жеке мүлкі толық тәркіленіп, лауазымды қызметтерді атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылып, 7-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Нұрлан Мәсімовке «Аса ірі мөлшерде пара алу», «Бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иемдену немесе жымқыру», «Қазақстанның мемлекеттік шекарасын өткізу пункттерінен тыс қасақана заңсыз кесіп өту» деген үш бап бойынша айып тағылды.