Хат қалдырған: Көкшетаудағы студенттің өлімінің себебі белгілі болды

Хат қалдырған: Көкшетаудағы студенттің өлімінің себебі белгілі болды

Хат қалдырған: Көкшетаудағы студенттің өлімінің себебі белгілі болды
ашық дереккөзі
Көкшетауда колледж студенті сабақтан үш алған соң өзіне қол жұмсады. Ол ағылшын тілінен алған үштік баға дипломға қойылады екен. Алайда студент бағаны әділетсіз қойылды деп санады әрі өзін дұрыс бағаламағанын айтып, анасына хат жазып қалдырған. Бұл туралы  turkystan.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлады.  18 жастағы Аяулым Сансызбайдың анасы бүгін қызын жер қойнына тапсырды. Ол қызы диплом алған соң бастауыш сыныптарға ағылшын тілінен сабақ бергісі келгенін айтады. Қыздың асылып қалғанын сіңлісі көріпті. 14 жастағы қыз жіпті кесіп, әпкесін жерге түсіргенімен, бәрі кеш болған. Аяулым анасына жазған хатында кешірім сұрап, сабақты жақсы оқуға тырысқанын айтыпты. Алайда бағаны әділетсіз қойды деген. Енді жақындары қыздарын өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деп отыр.
"Қызымды осындай жағдайға жеткізгені үшін жауап берсін. Сұмдық қой. Не үшін өлді? Қызымды соншалықты жек көрген бе? Барлығын жазаласын, мұны осы күйінде қалдырмаймыз", – деді анасы Айгүл Ахметжанова.
Ал колледж қызметкерлері студентпен арада жанжал болмағанын мәлімдеді. Тіпті үштік бағаны өзгертуге мүмкіндік берген екен. Аяулым келіскенімен, бұл мүмкіндікті қолданбады деп отыр. «Қайта тапсыруға мүмкіндігі болды, 23 мамырда келсін дегенмін. Үстелге жақындағанда тапсырманы берейін деп жатқанмын, ол «Бұл дәл кешегі тест пе?» деп сұрады. Мен «Жоқ, басқа нұсқа» деп ескерттім. Сол кезде тестті қайта тапсырмайтынын айтты», – дейді педагог Динара Жүсіпова. Мұғалімнің айтуынша, анасы Аяулымның үшінші рет тест тапсыруын сұрапты. Келесі күні студент келуі керек болған, алайда оның өзіне қол салғанын естіген.
«Қылмыстық кодекстің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Жазып қалдырған хатқа қарағанда қыз суицид жасаған. Қазір тергеу жалғасып жатыр», – деді Ақмола облыстық Полиция департаментінің өкілі Әсем Әбдірахманова.