«Маған әлі өмір керек» – Жұлдызай Дүйсенбиева

«Маған әлі өмір керек» – Жұлдызай Дүйсенбиева

«Маған әлі өмір керек» – Жұлдызай Дүйсенбиева
ашық дереккөзі
«Шаншар» әзіл-оспақ театрының арқасында жұлдызы жанған актриса Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы күрт нашарлап кеткенін айтты деп хабарлады turkystan.kz  El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Қыз-келіншектер, “ойбай, ата-енем, күйеуім” деп шапқылай бермей, өздеріңізді күтіңіздер. Ауырсаңыз, ешкімге керек емессіздер. Бүгін дәрігер қабылдауында болдым. Жағдай мәз емес. Дегенмен үміт бар. “Ашуланбаңыз, сізге болмайды” дейді. Мені ашуландырып жатқандар, сендердің кесірлерің тиіп кетіп жүрмесін. Маған әлі өмір керек. Аянатым үшін, Алла шипа берші, - деп жазды актриса.
Айта кетейік, Жұлдызай Дүйсенбиева бірнеше рет денсаулығы сыр бергенін айтқан. Әсіресе, соңғы уақытта қан қысымы жиі көтеріліп жүрген болатын. «Шаншардың» бұрынғы жұлдызы бүгінде бір қызды тәрбиелеп отыр. Ол болашақта тағы да балалы болуға ниетті екенін білдірген еді.