«669 млн»: қазақстандықтар «Барыс» легионерінің жалақысын естіп, есеңгіреп қалды

«669 млн»: қазақстандықтар «Барыс» легионерінің жалақысын естіп, есеңгіреп қалды

«669 млн»: қазақстандықтар «Барыс» легионерінің жалақысын естіп, есеңгіреп қалды
ашық дереккөзі
Жақында канадалық қақпашы Эдди Паскуале «Барыс» командасының құрамына кіретіні белгілі болды деп хабарлады turkystan.kz. Сондай-ақ Паскуаленің жалақысы екі маусымда шамамен 669 миллион теңге екені хабарланды. Бұл сома қазақстандықтардың жағасын ұстатып отыр. Оқырмандардың басым бөлігі легионерді шақырту қажет емес екенін жазған. Спорт журналисі Аслан Қаженов те осы тақырыпты қозғады. Оның айтуынша, миллион теңгенің өзін ұлттық құрамадағы спортшыларымыз күн сайын емес, ай сайын да алмайды.
«Күні кеше қазақстандық хоккейшілердің жеңісіне қуанып едік. Енді «Барыс» канадалық Эдди Паскуалені командаға қоспақ. Ол алдағы 2 жылда 120 миллион рубль алады деген ақпарат шықты. Яғни, ұлттық валютаға шаққанда 669 миллион теңгені құрайды. Қысқасы, күн сайын қарапайым халықтың қалтасынан шамамен 1 миллион теңгеден төлейді деген сөз. Бұл жағдайды отандық спортқа жауаптылар жақсы біледі. Бірақ ештеңе жасамайды не жасай алмайды. Өйткені Қазақстандағы хоккей нағыз майшелпекке айналған. Артында үлкен адамдар тұр, үлкен мүдделер тұр. Енді салыстырып көрейік, 1 миллион теңгені ұлттық құрамадағы спортшыларымыз күн сайын емес, ай сайын да алмайды. Өз басым дзюдодағы үздіктердің жалақысын нақтыладым. Жетпек түгілі, маңына да жоламайды. Дәл солай бокс, күрес, тіпті, сол хоккей ойнап жүрген өзіміздің жігіттер де алып жатқан жоқ. Күн сайын маған небір хаттар келеді. Ауылдарда балалар жарысқа бара алмай жатыр. Газельдерге бензин құюға ақша жоқ. Бапкерлердің іссапар ақысы төленбейді. Тағысын-тағы, солай кете береді. Сөйте тұра, легионерді жарылқаймыз», - дейді ол.