«11,2 млрд доллар»: әлемдегі ең бай адам бір күнде дәулетінен айырылды

«11,2 млрд доллар»: әлемдегі ең бай адам бір күнде дәулетінен айырылды

«11,2 млрд доллар»: әлемдегі ең бай адам бір күнде дәулетінен айырылды
ашық дереккөзі
Әлемдегі ең бай адам Бернар Арно АҚШ экономикасының әлсіреуі сән-салтанат заттарына сұранысты төмендетеді деген қауіптен бір күнде өз дәулетінен 11,2 млрд доллар жоғалтты. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды деп хабарлады turkystan.kz. Louis Vuitton, Moet & Chandon және Christian Dior сынды сауда маркалары енетін LVMH француздық трансұлттық компаниясының негізін қалаушы Б.Арноның байлығы 2023 жылы қарқынды өсімді көрсетті. Себебі сән-салтанат заттарын шығаратын еуропалық компаниялар акцияларының құны да бірден артқан болатын. Алайда сейсенбі күні жағдай аздап өзгерген. Парижде LVMH акциялары 5% арзандаған (бір жылдағы ең жоғары көрсеткіш). Осылайша, сән-салтанат заттарын шығаратын еуропалық сегмент бір күнде жалпы 30 млрд доллар жоғалтқан.