Талдықорғанда 15 жастағы қызды ұрған жасөспірімге қатысты жаңа дерек пайда болды

Талдықорғанда 15 жастағы қызды ұрған жасөспірімге қатысты жаңа дерек пайда болды

Талдықорғанда 15 жастағы қызды ұрған жасөспірімге қатысты жаңа дерек пайда болды
ашық дереккөзі
Талдықорғанда үш құрбы 15 жастағы қызды жабылып ұрып, желіні шулатқан болатын. Төбелескен оқушы қыздардың бірі сот шешімімен девианттық мектепке ауыстырылды деп хабарлады turkystan.kz.
«Мейрамгүл Нұржанқызы Талдықорғандағы кешкі ауысымдағы мектептің 9-сыныбында оқиды. Ол 10 мамыр күні сот шешімімен Жамбыл облысы әкімдігінің Білім басқармасына қарасты Балалар мен жасөспірімдердің арнаулы мектебіне ауыстырылды. Бұл - тәртібі қиын балаларға арналған девианттық мектеп. Ол білім ордасы арнайы қоршалған. Білім алушылар полицейлер мен тәрбиешілердің бақылауында болады», - деді Талдықорғандағы кешкі ауысымдағы мектеп директоры Ерік Саржігітов.
Естеріңізге сала кетейік, Талдықорғанда үш құрбы жабылып жалғыз қызды ұрған болатын. Ол әрекеттері желіге тарап, халықтың ашуын туғызды. Артынша бұл жайт бойынша арнайы комиссия құрылып, бұзақылық жасаған қыздарға қатысты шешім шығарылды. Оның негізінде, 10 мамыр күні Мейрамгүл Нұржанқызын девианттық мектепке ауыстыру туралы шешім шығарылды.