Махмұд Сабырханға Шымкенттен екі бөлмелі пәтер берілді

Махмұд Сабырханға Шымкенттен екі бөлмелі пәтер берілді

Махмұд Сабырханға Шымкенттен екі бөлмелі пәтер берілді
ашық дереккөзі
Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы Махмұд Сабырхан мен жеке жаттықтырушысы Ілияс Оралбековты қабылдады деп хабарлады turkystan.kz. Дүбірлі додада еліміздің құрамасы 4 алтын, 1 күміс медальмен толықты. Бұл жеңісте 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен шымкенттік сайыпқыранның үлесі зор. Спортшы ақтық бәсекеде өзбекстандық Айбек Джураевты екі рет нокдаунға түсіріп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осыған дейін ол Куба, Гана, Үндістан мен Мажарстан спортшыларын жеңген болатын.  width= Әкім құрама қоржынына екінші алтынды салған спортшы мен оның жеке жаттықтырушысын құттықтап, алдағы Азия және Олимпиада ойындарына сәттілік тіледі. Әлемдік аренада еліміздің абыройын асқақтатып, туымызды желбіреткен спортшыға 2 бөлмелі пәтер мен 5 млн теңгенің сертификатын табыстады.  width=