Ақберен батыр, күйші Махамбет Өтемісұлының туғанына 220 жыл толуына орай жасөспірімдер арасында еркін күрестен республикалық ашық турнир басталды. Іс-шара Атырау облысы, Жарсуат ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде өтуде деп хабарлады turkystan.kz. Индер аудан әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, турнирге еліміздің 8 және Уфа, Қазан қалаларынан 160-қа жуық балуан қатысуда. Айта кетсек, осыған дейін турнир 1981-1988 жылдар аралығында өткен.
Жүктелуде...