Арман Оразалиев БҚО Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды

Арман Оразалиев БҚО Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды

Арман Оразалиев БҚО Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Арман Оразалиев Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап. Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бас полицейі лауазымына полиция полковнигі Арман Оразалиев тағайындалды. Облыс активіне және Полиция департаментінің жеке құрамына жаңа бастықты ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев таныстырды.  width= Арман Оразалиев 1975 жылдың 26 мамырында Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Оңтүстік Қазақстан облысында және ҚР ІІМ-де жедел қызмет саласында әр түрлі басшылық лауазымда қызмет еткен. Павлодар және Жамбыл облыстарында ПД бастығы лауазымында қызмет атқарды. Кейінгі жұмыс орны - ҚР ІІМ Қриминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары.