«Қазгидромет» РМК синоптиктері 10 мамырда бірнеше өңірде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр және бұршақ жауатынын болжады деп хабарлады turkystan.kz. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында, шығысында екпіні - 15-20 м/с. Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с-қа жетеді. Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында нөсер жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысында найзағай күтіледі, облыстың солтүстігінде бұршақ. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні - 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының күндіз батысында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-батысында топырақ бетінде 2 градус үсік болады. Қызылорда облысында өрт қаупі бар. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында 15-20 м/с-қа жетеді. Қостанай облысының орталығында, солтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік болады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Жүктелуде...