Санжар Ташкенбаймен кездесетін Өзбекстан боксшысы мәлімдеме жасады

Санжар Ташкенбаймен кездесетін Өзбекстан боксшысы мәлімдеме жасады

Санжар Ташкенбаймен кездесетін Өзбекстан боксшысы мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
Өзбекстан боксшысы Шодиержон Меликузиев Ташкентте өтіп жатқан 2023 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық Санжар Ташкенбаймен кездеседі. Олардың жекпе-жегі 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финалда өтеді деп хабарлады turkystan.kz. Боксшылар 2023 жылғы Азия чемпионатының финалында Бангкокта (Таиланд) кездесіп, Ташкенбай төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен.
«Менің келесі жекпе-жегім Қазақстан боксшысына қарсы болмақ. Біз онымен Азия жастар чемпионатының финалында кездестік. Мен ұпай саны бойынша ұтылдым. ИншаАллах, мен оны әлем чемпионатында жеңемін деп үміттенемін», - деді Меликузиева sports.uz басылымына.
Санжар Ташкенбай үшін бұл әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жек болса, Меликузиев осыған дейін непалдық Рабин Тапуды 5:0 есебімен жеңді.