3 мамырда Көктал шағынауданында қайғылы оқиға болды деп хабарлады turkystan.kz. Полиция мәліметінше, 3 жасар бала ГАЗ-53 жүк көлігі дөңгелігінің астына түсіп, мерт болды деп жазды Zakon.kz.
«Жүк көлігінің тізгінінде 43 жастағы ер адам болған. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын қалалық полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Көлік арнайы тұраққа қойылды», - деді Жетісу облысы ПД баспасөз қызметіПолиция ересектерге балаларын қараусыз қалдырмауды кезекті рет ескертеді.