ШҚО-да студент пен оқушы қыз белгісіз жағдайда қайтыс болды

ШҚО-да студент пен оқушы қыз белгісіз жағдайда қайтыс болды

ШҚО-да студент пен оқушы қыз белгісіз жағдайда қайтыс болды
ашық дереккөзі

Шығыс Қазақстан облысында студент пен оқушы қыздың өлімі бойынша тергеу басталды деп хабарлады turkystan.kz YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, Алтай қаласында студент бала, ал Риддерде оқушы қыз көз жұмды. Жасөспірімдердің қалай қайтыс болғаны белгісіз. Облыстық Білім беру басқармасы екі қаладағы трагедияны растады.

«Кәмелет жасқа толмағандардың қайтыс болғанын растаймыз. Бірі студент, бірі 6-сыныпта оқитын қыз. Екеуі де оқу сабақ кезінде емес, демалыс күндері қайтыс болған. Ол кезде барлық балалар үйде болды», - дейді басқарма басшысының орынбасары Алима Ақылбек.

Әзірге оқиғаның мән-жайы белгісіз. Білім басқармасының мамандары суицидті растаған жоқ. Қазір полиция тергеу шараларын бастады.