Қазақстандық екі дзюдошы Еуропа кубогында жүлдегер атанды

Қазақстандық екі дзюдошы Еуропа кубогында жүлдегер атанды

Қазақстандық екі дзюдошы Еуропа кубогында жүлдегер атанды
ашық дереккөзі
Бұл туралы Маңғыстау облыстық Спорт басқармасының баспасөз қызметінен мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz. Грузияның Гори қаласында дзюдодан Еуропа кубогы өтті. Жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогына барлығы 16 елден 300-ден астам спортшы қатысқан.
«Қазақстан жасөспірімдер құрама командасында өнер көрсеткен маңғыстаулық екі спортшы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, Гүлдана Теңелбаева +70 салмақта дәрежесінде бақ сынап, күміс жүлдегер атанды. Гүлдана 1 және 2-кездесуінде грузин спортшыларын жеңіп, ал 3-кездесуінде қазақстандық спортшыны жеңіп, финалға шықты. Ақтық кездесуінде қырғыз спортшысына есе жіберді», - делінген баспасөз мәліметінде.
Сондай-ақ, 60 келіде белдескен Қанат Нұргелді Еуропа кубогының қола жүлдегері атанды. Қанаттың жеке бапкері Нұрлыбай Серғазиевтің айтуынша, спортшы 1-кездесуде армяндық спортшыны жеңіп, 2-кездесуде Грузия елінің спортшысына есе жіберді.
Одан қанағаттандыру белдесулерінде израильдік және грузиндік спортшыларды жеңді. Ал 3-орынға белдескенде Грекия елінің спортшысын ұтып, қола жүлдегер атанған. Аталған жарыс 29-30 сәуір аралығында өтті.