Шығыс Қазақстан облысында студент пен оқушы қайтыс болды. Қайғылы оқиғаның болғанын облыстық Білім басқармасы растады деп хабарлады turkystan.kz. Риддердегі мектептердің бірінің оқушысы мен Алтай қаласындағы колледждің студенті өз-өзіне қол жұмсаған. YK-news.kz-тің жазуынша, қазір Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары кәмелетке толмағандардың өлімі фактісін растады. Олар - студент және 6-сынып оқушысы.
«Жағдай оқу кезінде емес, демалыс күндері балалар үйінде жүрген кезде болған. Суицид пе, жоқ па, оны полиция анықтайды», - деді ол.