ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Астана қаласының шекарасы оның шегіне жалпы алаңы 8 719 гектар Ақмола облысының Целиноград ауданы жерінің бір бөлігін қоса отырып өзгертілсін. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Қаулыда.
Жүктелуде...