29 сәуірде Қарағандыда Федоров су қоймасынан әйелдің денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz. Тұрғындар бірден оқиға орнына полиция шақырған. Қазір полицейлер қайтыс болған адамның жеке басын анықтап жатыр. Әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Әлеуметтік желілерде ол суға батып кетті деген пікір бар. Өлімнің себебін енді сот-медициналық сараптама анықтайтын болады.
«Полиция әйелдің мәйітін табу фактісін тіркеді. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазір оның жеке басы, болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.