33 градус ыстық: бүгін бірқатар өңірде күн ысиды

33 градус ыстық: бүгін бірқатар өңірде күн ысиды

33 градус ыстық: бүгін бірқатар өңірде күн ысиды
ашық дереккөзі
Синоптиктер алдағы тәуліктерде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады деп хабарлады turkystan.kz. Алдағы 3 күнде еліміздің батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ солтүстік аймақтарда да жаңбыр күтіледі. 25-26 сәуірде Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығыс өңірлерде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Сонымен қатар метеорологтар 25-26 сәуірде республиканың оңтүстік-шығысында да қатты жауын-шашын болады деп болжады. Еліміздің қалған бөлігінде батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Бұдан бөлек, республика бойынша тұман, желдің күшеюі, батыста және оңтүстік аймақтарда найзағай, шаңды дауыл болуы ықтимал. Ал шығыс өңірлерде түнде көктайғақ, оңтүстік-шығыс аймақтарда күндіз бұршақ күтіледі дейді мамандар. Ауа температурасы бойынша күндіз батыс өңірлерде +23...+30 градусқа дейін ыстық, солтүстік-батыс, солтүстік және еліміздің орталығында +20...+27 градус ыстық болады деп болжануда. Ал еліміздің шығысында ауа температурасы +15...+23 градус жылы болса, оңтүстікте сынап бағанасы +25...+33 градусқа көтеріледі. Оңтүстік-шығыста ауа температурасы +17 градустан +25 градусқа дейін біртіндеп жоғарылайды деп күтілуде.