Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде танымал блогер есірткімен ұсталды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Өткен демалыс күндері Медеу ауданында орналасқан барлардың бірінде полицияның арнайы жасағы мен ЕҚқКБ-ның жедел қызметкерлері арнайы іс-шараны жүргізді.
«Түнгі сағат екіде клубта 19 жастағы Т. есімді азамат ұсталды. Оның шалбарының оң қалтасынан көк изолентаға оралған, синтетикалық зат салынған үш бума табылды. Жұмыс нұсқаларының біріне сәйкес, бұл - мефедрон психоактивті заты. Шөптің нақты тиесілігін анықтау үшін сот-химиялық сараптама тағайындалды. Ұсталған азамат ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр», – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етуге жатпайды.