Ақтөбеде жасөспірімді қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)

Ақтөбеде жасөспірімді қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)

Ақтөбеде жасөспірімді қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ақтөбеде жүргізуші оқушыны автокөлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кетті деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға 14 сәуір сағат 22:40 шамасында Әбілқайыр хан даңғылы мен Пацаев көшесінің қиылысында болған. Ваз-2114 автокөлігі бағдаршамның тыйым салу сигналына жолды өтіп, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Салдарынан 17 жастағы жасөспірім ауруханаға жеткізілді.
«Полиция қызметкерлері іздеу іс-шараларын жүргізу барысында автокөлікті Әбілқайыр хан даңғылындағы көпқабатты үйдің ауласынан әйнегі, бампері, капоты зақымданған күйінде тапты. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Сондай-ақ көлік жүргізушісі анықталды. Ол жүргізуші куәлігі жоқ 18 жастағы жас жігіт болып шықты», - делінген хабарламада.
ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Жүргізуші 2 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.