Талдықорғанда 3 жасар баланы өлтіріп алған қыз сотталды

Талдықорғанда 3 жасар баланы өлтіріп алған қыз сотталды

Талдықорғанда 3 жасар баланы өлтіріп алған қыз сотталды
ашық дереккөзі
Талдықорғанда 3 жасар баланы ұрып өлтірген 24 жастағы тұрғын 10 жылға сотталды деп хабарлады turkystan.kz.
«Кінәні жеңілдететін мән-жағдайларды, яғни сотталушының бұрын сотты болмағандығын, шын жүректен өкінуін, жәбірленушінің оны кешіруін және кінәні ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, сот сотталушыға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді», - деді Жетісу облыстық соты баспасөз қызметінің өкілі Нұрсұлтан Орынбасаров.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы қыркүйекте Талдықорғандағы аурухананың бірінде 3 жасар бала көз жұмды. Дәрігерлер балаға бас жарақаты диагнозын қойған. Аталған факті бойынша сараптама тағайындала отырып, тергеу ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) негізінде жүргізілді.