Шу қаласының 50 жастағы тұрғынынан 11 келіден астам марихуана тәркіленді

Шу қаласының 50 жастағы тұрғынынан 11 келіден астам марихуана тәркіленді

Шу қаласының 50 жастағы тұрғынынан 11 келіден астам марихуана тәркіленді
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы, Шу қаласының 50 жасар тұрғынынан тәртіп сақшылары 11 килограм 760 грамм болатын кептірілген марихуана тәркіледі деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Шу ауданында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері «Toyota Corolla» автокөлігін тоқтатып, жүк салғыштан жолаушыға тиесілі қара полиэтилен пакетін табады. – Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 296-бабы, 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – деді полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Рахметуллаев.