Мектепте 3 баланы балтамен жаралаған оқушы туралы тың дерек шықты

Мектепте 3 баланы балтамен жаралаған оқушы туралы тың дерек шықты

Мектепте 3 баланы балтамен жаралаған оқушы туралы тың дерек шықты
ашық дереккөзі
Петропавлда оқушы мектепке балта алып келіп, үш баланы жаралаған. Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы осы оқиғаның мән-жайын айтты деп хабарлады turkystan.kz AstanaTV арнасына сілтеме жасап. Ақпанда жасөспірім психиатриялық бақылауда тұрған. Енді бала бұған дейін де өзін-өзі өлтіруге оқталғаны белгілі болды. «Бала суицид жасауға оқталған соң, үш ай сабақтан қалған. Бірақ мұғалімдер баланың әркетіне мән бермеген», – дейді прокурор.
«Бұл бала 2021 жылы өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Алайда мектеп бұл туралы денсаулық сақтау органдарына хабарламаған. Мектеп әкімшілігі суицид әрекетінің мән-жайын түсіндірмеді», – деді Солтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Әбу Әли Саттар.
Прокуратурада өткен жиында мұғалімдер бала сыныптастарына шабуыл жасамас бұрын қатарластарынан қысым көргенін айтты.