Атыраудағы қамыс өрті 3 күннен бері әлі толық сөнбеді

Атыраудағы қамыс өрті 3 күннен бері әлі толық сөнбеді

Атыраудағы қамыс өрті 3 күннен бері әлі толық сөнбеді
ашық дереккөзі
2 сәуірде «АқЖайық» табиғи мемлекеттік резерватында шыққан өрттің жалпы ауданы 130 гектарды құрайды. Қазіргі кезде оның 127 гектары сөндірілді деп хабарлады  turkystan.kz ТЖМ сілтеме жасап. Бүгінгі таңда батпақты, сулы жерлерде шамамен 3,3 га аумақта қамыстың тұтануы анықталды. Айта кету керек, биіктігі 2-2,5 метр болатын қалың қамыс бұталарын сөндіруге жердің қатты сулы-батпақты болуы қиындық тудырды. Сондықтан өрт сөндіру автотехникасының жану ошақтарына өтуі мүмкін емес. Осыған байланысты ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері сөндіруді өрт сөндіргіштер мен хлопушкалардың көмегімен жаяу жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта өрт сөндіруге Атырау облысы ТЖД 39 қызметкер мен 4 бірлік техника және «Ақ Жайық» табиғи мемлекеттік резерватынан 30 адам мен 9 бірлік техника, 2 қайық, 4 мотопомпа жұмылдырылды. Бұдан басқа, өртті сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ-ның 5-СТҚ су төгетін құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жұмылдырылып, қамыс өсімдіктерін сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.  width=