Ұшақ билеті арзандай ма - вице-министр жауап берді

Ұшақ билеті арзандай ма - вице-министр жауап берді

Ұшақ билеті арзандай ма - вице-министр жауап берді
ашық дереккөзі
Қазақстан биыл 11 ұшақ сатып алады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz. 
«Әуе рейстері санын көбейту үшін компаниялармен бірлесіп ұшақтар паркін толықтыру жоспары қабылданды. Былтыр 14 ұшақ сатып алынса, биыл 11 ұшақ жеткізіледі. Жалпы, 2025 жылдың соңына дейін паркке тағы да 42 ұшақ қосылады. Осы орайда, олардың саны 132-ге жеткелі тұр», - деді Алмас Ыдырысов.
Вице-министр әуе көлігінің саны көбейген жағдайда тұрақты рейстер саны артып, билет арзандайтынын жеткізді.