Мәжіліске заң қабылдау өкілеттігі толық берілді – Қошанов

Мәжіліске заң қабылдау өкілеттігі толық берілді – Қошанов

Мәжіліске заң қабылдау өкілеттігі толық берілді – Қошанов
ашық дереккөзі

Мәжіліс депутаттарының негізгі жұмысы - сапалы және нақты жұмыс істейтін заңдарды қабылдау. Бұл туралы палата төрағасы Ерлан Қошанов айтты деп хабарлады turkystan.kz.

«Біздің негізгі жұмысымыз - сапалы және нақты жұмыс істейтін заңдарды қабылдау. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы шақырылымның бірінші сессиясында жаңа Парламенттің алдында тұрған міндеттердің ауқымдылығына тоқталған болатын. Оның ішінде Мемлекет басшысы еліміздің қарқынды дамуы үшін алдағы 5 жылда сапалы заңнамалық негіз жасауды тапсырды. Бұл үшін барлық алғышарт жасалған. Мәжіліске заң қабылдау өкілеттілігі бүгінде толық берілді. Енді жүк те, жауапкершілік те бізге түседі деген сөз. Сондықтан депутаттар үйлесімді, тиімді және жүйелі жұмыс істеуі керек», - деді ол.