Ақтөбеде әріптесін балағаттаған әйел жұмысынан айырылды

Ақтөбеде әріптесін балағаттаған әйел жұмысынан айырылды

Ақтөбеде әріптесін балағаттаған әйел жұмысынан айырылды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде әріптесін балағаттаған сот орындаушысы жұмысынан айырылып қалды деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.  Басылым мәліметінше, сот әділет министрлігінің талабы бойынша сот орындаушысын лицензиясынан айырған. Сот орындаушысы әріптесімен чат арқылы сөйлесіп жатқан кезде балағат сөздер жазған. Кінәлі адамның сөзінше, ол бұл сөзді өзі жазбаған. Оның орнына танысы жазып жіберген екен. Бірақ кінәлі әйел адам аудиохабарламада да балағат сөздер айтқан болып шықты. Нәтижесінде сот орындаушысы балағат сөз айтқаны үшін республикалық палатадан шығарылды. Кейінірек Әділет министрлігі сотқа лицензиясынан айыру туралы өтініш жасады. Судья Қалмұхамбетов Әділет министрлігінің талаптары негізделген деп шешіп, сот орындаушысын лицензиядан айырған.