Астанадағы "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталығында экскалатордың құлаған сәті видеоға түсіп қалған деп хабарлады turkystan.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап. Әлеуметтік желіде "Сарыарқа" сауда орталығында орнатылған бейнебақылау камераларының кадрлары тарап жатыр. Видеода эскалатордың кенеттен жылдамдығын күрт арттырған сәті бейнеленген. Бұл уақытта оның үстінде 20-ға жуық адам болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов, төтенше жағдайдан екі ересек адам мен бір бала жеңіл жарақат алғанын хабарлаған еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram