Допты хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Швецияның Оби қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші матчын ойнады деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап. Қазақстан құрамасы АҚШ командасымен кездесіп, 7:2 есебімен жеңіске жетті. А дивизионында Қазақстанмен бірге АҚШ-тан бөлек, Финляндия, Норвегия және Швеция ойнайды. 31 наурызда Қазақстан хоккейшілері Норвегиямен кездеседі. Айта кетейік, А дивизионындағы алғашқы екі команда турнир финалында өнер көрсетеді. Ал үшінші және төртінші орындар алған құрамалар «қола» үшін таласады.
Жүктелуде...