Ангелина Лукас WBC титулы үшін жекпе-жек өткізеді

Ангелина Лукас WBC титулы үшін жекпе-жек өткізеді

Ангелина Лукас WBC титулы үшін жекпе-жек өткізеді
ашық дереккөзі
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукастың (3-0, 2КО) келесі жекпе-жегінің датасы жарияланды деп хабарлады  turkystan.kz  Instagram-дағы proboxingkaz парақшасына сілтеме жасап. «Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы Ангелина Лукастың (лицензия номері 139-021) Анна Арразолаға (Мексика) қарсы жекпе-жегіне рұқсат берді. Айқас 30 сәуірде Түркияның Ыстанбұл қаласында өтеді. Жеңімпаз WBC International титулын иеленеді», - делінген мәліметте. Айта кетейік, 43 жастағы Анна Арразола (28-16, 14КО) осыған дейін барлығы 28 рет жеңіске жеткен, оның 14-ін нокаутпен аяқтады. Жетістіктері: 2008 жылы WBC International белдігінің иегері және Мексика чемпионы болды; 2009 жылы WBC Mundo Hospitano белдігін иеленді; 2013 жылы World Boxing Federation белдігін жеңіп алды; 2016 жылы WBC Silver нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Ал 26 жастағы Ангелина Лукас қазір Universal Boxing Organization нұсқасы бойынша әлем чемпионы болып табылады. Ол өткен жылдың 11 желтоқсанында Танзания өкілі Лулу Каягені мерзімінен бұрын жеңген еді. Л.Каяге екінші раундтан кейін рингке шықпай қойды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от @proboxingkaz