«Аманат» қоғамдық сыйлығы тағайындалады

«Аманат» қоғамдық сыйлығы тағайындалады

«Аманат» қоғамдық сыйлығы тағайындалады
ашық дереккөзі
«Аманат» қоғамдық сыйлығы еліміздің әлеуметтік-экономикалық әрі қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан және қызметі жасампаз еңбекке, игілік пен ақыл-парасатқа негізделген жалпы адамзат құндылықтарын нығайтуға көмектесетін адамдарды көтермелеуге арналған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Адамдардың елеулі жетістіктері» Қоғамдық қорының президенті Зауре Беисова мәлім етті. Оның айтуынша, Қор өз жұмысын жүйелендіру үшін тұрақты даму қағидаларын ілгерілету бойынша «Аманат» бағдарламасын әзірлеу туралы бастама көтеріп, «Аманат» қоғамдық сыйлығын ұйымдастырды. «Сыйлықты алуға үміткерлерді үкіметтік емес ұйымдар ұсынады. Сыйлық «Бабалар аманаты», «Шынар», «Бекзат», «Арыс», «Қайнар», «Дегдар», «Жігер» номинациялары бойынша беріледі», – деп атап өтті З.Беисова. Сондай-ақ ол қоғамдық сыйлықты тағайындау бойынша байқау бүгіннен басталғанын жария етті. «Байқау басталды. Ал ақпан-маусым аралығында байқаудың өңірлік кезеңдерін әлеуметтік марафон түрінде өткізуді ұсынамыз. Биылғы жылдың 1 мамырына дейін өтінімдер қабылданады. Өтінімдер облыстар, республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларындағы қоғамдық кеңестер негізінде құрылған ұйымдастырушы комитетіне беріледі», – деді Қоғамдық қор президенті.