Ғарышкер Жер орбитасынан қазақ тілінде видеоқұттықтау жолдады

Ғарышкер Жер орбитасынан қазақ тілінде видеоқұттықтау жолдады

Ғарышкер Жер орбитасынан қазақ тілінде видеоқұттықтау жолдады
ашық дереккөзі
Қостанай өңірінде туып-өскен ғарышкер, қазір «Роскосмоста» еңбек ететін Дмитрий Петелин Жер маңы орбитасынан видео жолдап, қазақстандықтарды қазақ және орыс тілдерінде құттықтады. Видео kostanaynews Telegram-каналында жарияланды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Құрметті қазақстандықтар, әсіресе қостанайлықтар, жерлестер! Мереке құтты болсын! Өздеріңізді сақтаңыз!Мен ғарыштан Жерге қарауға мүмкіндік алдым және сіздерге келесіні айтқым келеді: бір-біріңізге ренжімеңіз, бекерге ашуланбаңыз. Біздің Планетамыз үлкен және өте әдемі. Орбитадан мұндай әдемі жерде қиындықтар болуы мүмкін емес сияқты. Бүгін үлкен мереке. Сізге бақыт тілеймін. Қиындықтарға жоғарыдан қараңыз. Күннің батуы мен таңның атуын қуана қарсы алыңыз. Әр күннен ләззат алыңыз. Өмір тамаша! Наурыз мейрамы құтты болсын!», - деп қазақ тілінде құттықтау жолдады ғарышкер.