20 наурызда түнде Павлодар қаласының құтқару қызметі Ертіс өзенінен ер адамның мәйітін тапты деп хабарлады turkystan.kz Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Кеше, 20 наурыз күні сағат 22:23-те «112» пультіне Павлодар-Ленинский автокөпірінің астындағы мұздан мәйіт байқалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Құтқарушылар шақырту орнына жеткен кезде азиялық ер адамның жансыз денесі табылды», - деп хабарлады Павлодар облысы ТЖД.Өлімнің себептері анықталуда.