Әлем чемпионатында жеңіске жеткен боксшы қазақша сұхбат берді (ВИДЕО)

Әлем чемпионатында жеңіске жеткен боксшы қазақша сұхбат берді (ВИДЕО)

Әлем чемпионатында жеңіске жеткен боксшы қазақша сұхбат берді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Үндістанның Нью-Дели қаласында бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова 57 келі салмақта 1/16 финалда колумбиялық Валерия Арболеда Мендосамен қолғап түйістірді. Тенхникалық нокаутпен жеңіске жетіп, 1/8 финалға жолдама алған қазақстандық боксшы жанкүйерлеріне қазақша алғыс айтты деп жазды turkystan.kz.
«Әбибаның бастамасын Карина жалғады... Қазір Үндістанда бокстан әлем чемпионаты өтіп жатыр және қазақстандық Карина Ибрагимова жекпе-жегінен кейін сұхбатты қазақ тілінде ғана берді. Бас бапкер Шамиль Сафиуллиннің өзі солай сөйлеңдер депті. Керемет. Яғни, бокстың басы-қасындағы мамандар да, оның артындағы спортшылар да мемлекеттік тілге көңіл бөле бастады. Бүгінге дейін жасап жүрген жұмысымыз бекер емес деген сөз. Енді осындай қадамды басқа спорттардың өкілдерінен де күтеміз» деп жазды спорт журналисі Аслан Қаженов.