Қазгидромет Қазақстан аумағында 20 наурызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады деп хабарлады turkystan.kz.
«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың шығысында, оңтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің шығысында, орталығында қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. ҚР бойынша желдің күшеюі, тұман, еліміздің батысында шаңды дауыл сақталады» деп жазды синоптиктер.