50483
«Жастар – қоғамның қозғаушы күші» – Алтынсары Үмбетәлиев
«Жастар – қоғамның қозғаушы күші» – Алтынсары Үмбетәлиев
Түркістан облыстық қоғамдық штабтың жетекшісі Алтынсары Дүйсенбекұлы бірқатар жастармен кездесті. Кездесу алдымен Түркістан қаласындағы рәміздер алаңында басталды. Бұл күні еліміздің әнұраны шырқалып, көкте байрағымыз желбіреді.
«Сіздермен кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Жастар – қоғамның қозғаушы күші, егемен еліміздің ертеңі. Сондықтан Жаңа Қазақстанды құру ісінде өскелең ұрпақ айрықша орын алады. Тең мүмкіндік, әділдік, ашықтық ұғымдары ең алдымен жас буынның кедергісіз келешегін қалыптастыруға негізделген. Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жастарымыздың білім мен біліктілігінің сапасына, олардың ықыласы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да партияның негізгі бағытының бірі – жастар секторы болып отыр. Елімізде 14 пен 35 жас аралығында 6 миллионнан астам жастар болса, оның 640 мыңға жуығы біздің облыста. Біз жастардың өзекті мәселелерін түрлі сауалнамалар арқылы, жастар рухы белсенділерінің жастарымен кездесулері арқылы білеміз», – деді А.Дүйсенбекұлы.Жастардың арасындағы негізгі өзекті мәселелердің бірі, ол – білім сапасының төмендігі. Кездеуде сапасыз берілген білім мен мамандықтың дұрыс таңдамауынан жастардың арасында жұмыссыздық мәселесі күрделеніп тұрғаны да айтылды. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек, күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», – деп атап өткен болатын. Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтудың ең тиімді жолы, ол – кәсіпкерлікті дамыту. Бұл бағытта партия «Бизнес бастау» жобасы арқылы жыл сайын 3,6 мыңнан астам азаматтың кәсіпкерлігін дамытуға гранттар бермек. Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.