«AMANAT» партиясы проблемалық мәселелерді бақылауда ұстайды
«AMANAT» партиясы проблемалық мәселелерді бақылауда ұстайды
Халық көп жиналатын орындарда, аялдамаларда, көшелерде, ірі дүкендер мен сауда орталықтарының, базарлардың жанында сайлауалды штаб мүшелерінің сайлаушылармен кездесулері жалғасуда. Осылайша Абай облысының мүмкіндігінше көп тұрғындары көптеген проблемалық мәселелерді шешу жолдарын ұсынатын "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныса алады.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына "AMANAT" партиясынан облысымыздан кандидат Марат Сандыбаев пен облыс мәслихатының депутаттығына кандидат Мақсат Кәрібаев халық көп жиналатын "Жансая" базары аумағында жеке қабылдау өткізіп, облыс тұрғындарының тілектері мен өтініштерін тыңдады.
Сайлаушылар көшелерді қардан тазарту, жеке секторды таза ауыз сумен қамтамасыз ету, қоғамдық көліктің жұмысы және медициналық көмек алу мәселелерін қозғады. Келіп түскен барлық ұсыныстар мен тілектерді "AMANAT" партиясының сайлауалды штабы бақылауға алды. "Жастар Рухы" жастар қанатының белсенділері қала тұрғындарына парақшалар мен үгіт-насихат материалдарын таратып, алдағы 19 наурыздағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
Абай облыстық мәслихат депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.