AMANAT»: Абай облыстық сайлауалды штабы патриоттық акция өткізді

AMANAT»: Абай облыстық сайлауалды штабы патриоттық акция өткізді

AMANAT»: Абай облыстық сайлауалды штабы патриоттық акция өткізді
ашық дереккөзі
Семейдегі Абай алаңында «AMANAT» партиясының Абай облыстық сайлауалды штабы патриоттық акция өткізді. Партияның облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Қуаныш Сүлейменов алғашқы сөзді алды.
«Құрметті жерлестер! Құрметті партияластар! Сіз бен біздің Отанымыз бір! Біз бәріміз бір елдің азаматтарымыз. Біз еліміздің гүлденуі үшін өмір сүретін адамдармыз! Біз Қазақстанның әлемдегі ең үздік елдердің бірі болғанын қалаймыз! 19 наурызда еліміздің азаматтары өз таңдауын жасайды және осы саяси науқанда белсенді болуға шақырамын!», - деді Қуаныш Сүлейменов.
 width= «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы қазақстандықтар үшін әлеуметтік сала және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, халықтар бірлігі сияқты көптеген бағыттар бойынша өзекті мәселелерді қамтиды. Сондай бағыттардың бірі – құндылықтар мен басымдықтарға ие біртұтас қоғамды қалыптастыру. «AMANAT» партиясы білім, әділдік, жауапкершілік, еңбекқорлық, өзара көмек, сыйластық, отбасылық мұраттарға адалдық сияқты ортақ құндылықтарды алға тартады. Еліміздің болашағы жастарға бұл құндылықтарды тек өзіміздің әрекеттеріміз арқылы сіңіре аламыз.  width= Абай облысының «AMANAT» партиясының сайлауалды штабы патриоттық акциясы аясында депутаттыққа кандидаттармен бірге Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап, Отан алдындағы адалдықтарын танытты.

Абай облыстық мәслихат депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.