ШҚО-да пәтерден 3 адамның денесі табылды

ШҚО-да пәтерден 3 адамның денесі табылды

ШҚО-да пәтерден 3 адамның денесі табылды
ашық дереккөзі
ШҚО-да бес қабатты тұрғын үйде пәтер өртеніп, үш адамның денесі табылды деп хабарлады turkystan.kz. ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 15 наурызда болған.
«Жаңа Бұқтырма кентінде орналасқан 5 қабатты үйдің 4-қабатындағы пәтерден қатты түтін шығып жатқандығы туралы қоңырау түседі. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде зал бөлмесінде диванның, кілемнің, ағаш еденнің құрылымдарының жанғыш кұрылымдары жанған. Өртті сөндіру барысында жатын бөлмеден 1973 және 1975 жылы туған ер адамдардың және 1977 жылы туған әйелдің денесі табылды», - делінген хабарламада.
Өрттің алдын ала себебі: өртті абайсыз пайдалану. Жоюға жеке құрамның 4 адамы және 2 бірлік техника жұмылдырылды.